№1 педагогикалық кеңес «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
26.08.2025
№1 педагогикалық кеңес
«Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
Өткізу күні: 26.08.2025
Өткізу форматы: офлайн
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Ұзақтығы: 90 минут
Қатысушылар:Білім басқарамасының, облыстық әдістемелік орталықтың, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО-ның өкілдері, мектеп әкімшілігі, педагогтер, хатшы.
1. КҮН ТӘРТІБІ
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы
|
№ |
Мәселе |
Мазмұны |
Жауаптытұлғалар / баяндамашылар |
Уақыты |
|
1 |
Педагогикалық кеңесті ашу |
Мектеп директорының алғы сөзі, отырыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, күнтәртібінбекіту |
Төраға |
5 мин |
|
2 |
Бейнероликті көру |
|
- |
10 мин |
|
3 |
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы |
ҚР ОА Мәдістемелік-нұсқаулық хатын ,жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларға шолу, "Адал азамат" Біртұтас тәрбие Бағдарламасының мәселелері, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары, 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері, ЖИ этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық және ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттары, педагогтердің құқықтары нқорғау және кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру. |
Директордың орынбасары |
15 мин |
|
4 |
Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы |
Талқылау және бекіту:
|
Директордың орынбасары/ Әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері |
30 мин |
|
5 |
Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметітуралы |
Нормалар мен ережелерді талқылау: |
Директордың орынбасары |
20 мин |
|
6 |
Әр мәселе бойынша дауыс беру және жеке-жеке шешім қабылдау |
10 мин |
||
2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басым бағыттары туралы
ШЕШІМ:
- «2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алсын;
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
- білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын бекіту;
- білім беру процесінде жасанды интеллекті технологияларын қолдануды қамтамасыз ету, ЖИ-ды қолданудың этикалық нормалар мен стандарттарын сақталуын реттейтін мектепішілік құжатты әзірлеп, бекіту.
- білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдансын;
- мектеп әкімшілігінің міндеті мектептің негізгі міндеттері: білім беру сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсарту болып белгіленсін.
- Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы
ШЕШІМ:
- мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін;
- мектептің оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемесі (тарификация), сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңестің жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары, педагогтердің біліктілігін арттыру жоспары және т. б. бекітілсін.
- жауапты тұлғалар бекітілген жоспарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
- Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы
ШЕШІМ:
- директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары және медицина қызметкері (келісім бойынша) мектепте санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін;
- медицина қызметкері (келісім бойынша) азық-түлік сапасын бақылауды және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін;
- ХАТТАМАНЫ РЕСІМДЕУ
Барлық шешімдер хатшы жүргізетін хаттамада жазылады. Хаттамаға педагогикалық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды, білім беру ұйымының мөрімен куәландырылады.