Есірткілерді «жасырып кету орындарын» немесе оларды өткізуді жүзеге асыратын адамдарды анықтаған жағдайдағы іс-қимылдар алгоритмі

02.04.2026

Есірткілерді «жасырып кету орындарын» немесе оларды өткізуді жүзеге асыратын адамдарды анықтаған жағдайдағы іс-қимылдар алгоритмі

Жалпы қағидаттары

Жеке басының қауіпсіздігі басымдылық.

Күдікті заттарға қол тигізуге, күдікті адамдарды өз еркімен ұстауға қатаң түрде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы керек.

Есірткілерді «жасырып кету орындарын» анықтаған

жағдайда

1. Затқа қол тигізбеңіз.

2. Орналасқан жерін белгілеңіз (координаттары, фото, бейнетүсірілім,).

3. Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

4. 102 операторына қолда бар ақпаратты жеткізіңіз (нақы мекенжайы, бағдарлар, заттың сипатын).

5. Мүмкіндігінше полиция келгенше затты көзбен қарап бақылауды қамтамасыз етіңіз.

6. Полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша ғана әрекет етіңіз.

Есірткілерді жасырушыны (курьерді) анықтаған

жағдайда

1. Байланысқа түспеңіз.

2. Күдіктінің белгілерін анықтаңыз (жалпы сипаттамасы: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, қозғалыс маршруты, автомашинасының мем. нөмірі).

3. Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

4. 102 операторына барынша ақпаратты хабарлаңыз.

5. Қауіпсіз қашықтықта бақылаңыз, күдіктімен байланысқа түспеңіз.

Құқықтық салдары

ҚР ҚК 112-бабы қажетті қорғаныс шегінен шығу.

ҚР ҚК 125-126-баптары бас бостандығынан заңсыз айыру.

ҚР ҚК 296-297 бабтары есірткілік заттарды заңсыз сақтау және өткізу.

Просмотров: 634


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу