"Ғарыш әлемі"
14.04.2026
12 сәуір - Ғарышкерлер күніне орай
мектепте ерекше шара ұйымдастырылды. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары "Ғарыш әлемі" тақырыбында макеттер жасап, мазмұнды плакаттар салды. Балалардың шығармашылық жұмыстары олардың қиялының ұшқырлығын, ғылымға деген қызығушылығын көрсетті.
Бұл шара жас ұрпақты ғарышты тануға, білімге ұмтылуға және ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелейді. Осындай бастамалар болашақта ғылым мен техникаға бейім, ізденімпаз тұлғалардың қалыптасуына жол ашады.




Просмотров: 346