"Ерлік ешқашан ұмытылмайды!"

21.04.2026

16 сәуір күні мектебімізде Ауған соғысы ардагері, ержүрек азамат
Дюсембаев Бауыржан Бекешұлының рухына арналған еске алу кеші өтті.
Бұл тағылымды кеш – ерлік пен елдік рухты дәріптеп, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен батырлықтың мәнін ұғындыруға бағытталды.
Кеш барысында батыр рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды. Ардагердің өмір жолы мен ерлігі туралы тағылымды деректер айтылып, қонақтардың жүрекжарды лебіздері тыңдалды.
Сонымен қатар, оқушылардың орындауындағы әндер, билер және сахналық көріністер кештің мазмұнын тереңдете түсті.
🇰🇿 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі.
Осындай батырлардың арқасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп отырмыз.
Бауыржан Бекешұлының есімі – ел жадында мәңгі сақталады.
Оның ерлігі – ұрпаққа аманат.

Просмотров: 174


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу