Бастауышпен қоштасу

19.05.2026

Бастауышпен қоштасу

балалықтың ең жарқын белестерінің бірі! Бүгін мектебімізде 4-сынып оқушыларының «Бастауышпен қоштасу» атты ерекше мерекелік кеші өтті. Бұл күн төрт жыл бойы білімнің алғашқы баспалдағына қадам басып, әріп танып, білім нәрімен сусындаған бүлдіршіндердің бастауыш сыныппен қимай қоштасқан сәті.

Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, ұстаздарына және ата-аналарына жүрекжарды алғыстарын білдірді. Әрбір бала үшін бұл – жаңа белеске бастар маңызды қадам, ал ұстаздар үшін шәкірттерінің жетістігі – үлкен мақтаныш.

Бастауыш сыныпты аяқтаған барлық оқушыларымызды құттықтаймыз! Алдағы оқу жолдарың ашық, қадамдарың нық, армандарың асқақ болсын!

Ұстаздарыңыздың берген білімі мен тәрбиесі әрқашан өмір жолдарыңызға жарық нұр шашсын!

Жетекшісі: Жунусова Самал

  

 

Просмотров: 40


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу