Кеңес ауылының ЖОББМ әкімшілігі ескертеді!

19.05.2026

Ата-аналар назарына! Ақкөл ауданы " Кеңес ауылының ЖОББМ" КММ-нің әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қонырау, қорытынды аттестаттау кезеніңде, соның, ішінде 4,9,11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларынызға ұсынады:

Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Аниматорлар,

студиялар мен агенттіктерді шақыру.

Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім

алушылардан ақша жинауға қатаң, тыйым салынады.

Оқушылардың, қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық, орталықтарына, мейрамханаларда, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.

Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.

Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу әрбір оқушы үшін міндет.

Ескерту:

Аталған талаптар 4,9,11- сынып окушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық, этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген. Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыныздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.

Просмотров: 44


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу