"Тілдер онкүндігі"
04.09.2026
🌐 ТІЛДЕР ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ!
Бүгін Кеңес мектебінде тілдер онкүндігінің алғашқы күні басталды. Шара барысында оқушылар мен ұстаздарға онкүндік жоспары таныстырылып, алдағы уақытта өтетін қызықты әрі танымдық іс-шараларға шолу жасалды.
📚 Сонымен қатар, ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі арқылы оқушылар халқымыздың азаттығы мен ел болашағы үшін аянбай еңбек еткен ұлт зиялысының тағылымды өмірімен танысып, тарихи мұраға деген қызығушылықтарын арттырды.
🗣️ Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі.
Просмотров: 28