"Отбасы болу өнері" ата-аналар конференциясы
29.09.2026
👨👩👧👦 Отбасы болу өнері: тыңдау, түсіну, қолдау
2026 жылғы 28 қыркүйекте «Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Отбасы болу өнері» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.
Кездесудің мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және өзара тәжірибе алмасу.
💬 «Қолдау» секциясында балаға сүйіспеншілік таныту, оның сезімдерін қабылдау және сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды.
🔹 Педагог-психолог Кажина Гульдана Серикбаевна отбасының сүйіспеншілік, қабылдау және қолдау кеңістігі ретіндегі маңызын түсіндірді.
🔹 Әлеуметтік педагог Ералина Аида Асылбековна баламен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату жолдарымен бөлісті.
🔹 Әлеуметтік педагог Аятхан Жанибек «Анашым, әкешім, біраз сөйлессек бола ма?!» тақырыбы арқылы баланың жан дүниесіне назар аударып, оны тыңдаудың маңызын көтерді.
🔹 Ата-ана Жакенов Бекболат Аманжолович «Әке көзімен отбасы» тақырыбында ой бөлісті.
Конференцияға Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының әдіскер-үйлестірушісі Нурманова Альфия Калыгалиевна және Ақкөл ауданы білім бөлімінің әдіскері Алауханова Гульвира Мухиденовна қатысты. Мектеп директоры Канди Бахшагуль кездесуді қорытындылады.
🤝 Балаға қолдау көрсету оны мұқият тыңдаудан, сезімін түсінуге ұмтылудан және бірге уақыт өткізуден басталады. Мектеп пен отбасының ортақ мақсаты — баланың өзін қауіпсіз әрі қадірлі сезінуіне жағдай жасау.
Қатысушыларға ашық әңгіме мен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!


