"Қарттарым - алтын қазынам" мерекелік концерт

09.10.2026

 Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара 
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылымызда үлкенге құрмет көрсетіп, ақсақалдарымызға ерекше ілтипат білдіруге арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл әкімі Жетпісов М.М. ауыл ақсақалдарына арнайы көңіл бөліп, олардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті. Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.
Қарияларымыз – халқымыздың асыл қазынасы, өмірлік тәжірибесі мен өнегелі сөздері кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін дана тұлғалар. Оларға құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы, ұлттық құндылықтарымыздың жарқын көрінісі.
Қариясы бар ел – қазыналы ел! Қарттарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен қуаныш кетпей, әрдайым ортамызда аман-есен жүре берсін! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешіңіздер!

Просмотров: 6


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу