"Алтын күз" жәрмеңкесі
15.10.2026
🍂 «АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ
🍁 Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде балық оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 🧡
🌾 Жәрмеңкеде оқушылар мен ата-аналар бірлесе дайындаған түрлі тәтті тоқаштар, бәліштер, үй тағамдары мен сусындар ұсынылды. Іс-шара оқушылардың бойында мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық пен бір-біріне қолдау көрсету қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.
🤝 Осындай игі бастамалар арқылы балаларды ізгілікке, адамгершілікке және қайырымды істер жасауға баулимыз. Жәрмеңкеге белсене қатысып, қолдау көрсеткен ата-аналарға, оқушыларға және ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
❤️ Ізгі іске бірге үлес қосайық! Жақсылық жасау – жүректен!




Просмотров: 12